Елордада қанша адамның стационарда коронавирустан емделіп жатқаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанадағы коронавирус бойынша ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада коронавирус инфекциясының 1 074 жағдайы тіркелді. 1 134 науқас стационарларда жатыр. 404 адам емделіп шықты. Үй карантинінде 3 539 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен 3 адам көз жұмды. Қазір жалпы 40 мың зертханалық тестілеу жүргізілді. 24 мың тұрғын экспресс тестілеуден өтті», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде астаналықтарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілді.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен астанадағы коронавирус бойынша ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада коронавирус инфекциясының 1 074 жағдайы тіркелді. 1 134 науқас стационарларда жатыр. 404 адам емделіп шықты. Үй карантинінде 3 539 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен 3 адам көз жұмды. Қазір жалпы 40 мың зертханалық тестілеу жүргізілді. 24 мың тұрғын экспресс тестілеуден өтті», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде астаналықтарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілді.