Елорда жаңалықтары

Е.Тоғжанов қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы туралы айтты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қоғамдық тамақтану орындары қазіргі уақытта белгіленген уақыт бойынша тағамды тапсырыспен мекенжайға жеткізіп беру қызметін көрсетіп жатыр. Алайда дәмханада отырып тамақтануға әзірге рұқсат берілген жоқ. Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Дегенмен елдегі вирус жұқтырғандар санының 1-2 күндік қана емес, бір апталық көрсеткіші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен мөлшеріне сай төмендеген кезде қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына толықтай рұқсат беріледі», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

-->