Е.Тоғжанов: Елімізде биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет жанынан беделді ғалымдар мен эксперттерден құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінгі таңда елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жүйені нығайтуға, ғылыми зерттеулерді және фармацевтикалық өндірісті дамытуға қадамдар жасалуда. Бұл орайда медициналық кадр әлеуетін арттыру, оларды қолдау мәселелері қарастырылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мына қиын кезең өтісімен біз денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелерді қайта қарап, өзектілігін анықтап, алда кездесетін қандай да жағдайларға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек» - деп міндет қойып отыр», - дейді Ералы Тоғжанов. Осыған орай, Үкімет жанынан, беделді ғалымдар мен эксперттерден құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатынын жеткізді. «Ендігі кезекте экономикалық белсенділікті кезең-кезеңімен ретке келтіріп, азаматтар үшін қалыпты тіршілік жағдайларын жасау міндеті тұр. Карантиндік шектеулер әрбір адам үшін құндылықтарды қайта бағалап, өзі мен өз ортасына жауапкершілігін арттырды. Күнделікті өмірімізде гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау қалыпты жағдайға айналып отыр. Коронавирус инфекциясының таралу қаупі тұрақталып келе жатқанына қарамастан, әлі де карантиндік шаралардың сақталуы аса маңызды. «Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстану қажет. Бұл – карантиннен шығудың міндетті шарты», - деп Үкімет басшысының орынбасары сөзін аяқтады.
-->ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет жанынан беделді ғалымдар мен эксперттерден құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінгі таңда елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жүйені нығайтуға, ғылыми зерттеулерді және фармацевтикалық өндірісті дамытуға қадамдар жасалуда. Бұл орайда медициналық кадр әлеуетін арттыру, оларды қолдау мәселелері қарастырылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мына қиын кезең өтісімен біз денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелерді қайта қарап, өзектілігін анықтап, алда кездесетін қандай да жағдайларға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек» - деп міндет қойып отыр», - дейді Ералы Тоғжанов. Осыған орай, Үкімет жанынан, беделді ғалымдар мен эксперттерден құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатынын жеткізді. «Ендігі кезекте экономикалық белсенділікті кезең-кезеңімен ретке келтіріп, азаматтар үшін қалыпты тіршілік жағдайларын жасау міндеті тұр. Карантиндік шектеулер әрбір адам үшін құндылықтарды қайта бағалап, өзі мен өз ортасына жауапкершілігін арттырды. Күнделікті өмірімізде гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау қалыпты жағдайға айналып отыр. Коронавирус инфекциясының таралу қаупі тұрақталып келе жатқанына қарамастан, әлі де карантиндік шаралардың сақталуы аса маңызды. «Сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстану қажет. Бұл – карантиннен шығудың міндетті шарты», - деп Үкімет басшысының орынбасары сөзін аяқтады.