Елорда жаңалықтары

Отандық тауар өндірушілерге 8,7 миллиард теңгенің жеңілдігі жасалды – Е.Тоғжанов

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте елдегі төтенше жағдай кезінде азаматтар мен кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілгені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «4,5 миллион табысынан айырылған азаматқа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тағайындалды. 1,6 миллион адамға коммуналдық төлемдерді өтеу үшін көмек көрсетілуде. Елбасының Үндеуінен кейін құрылған «Біргеміз» қоры арқылы 363 мыңға жуық адамға 18 миллиард теңгенің көмегі көрсетілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 5 миллиондай медициналық бетперде тегін таратылды. Алғышепте жүрген 2 мыңға жуық дәрігерге қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, барлық өңірде азық-түлікті тұрақтандыру қорлары құрылды. Халық бүгінде негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етілуде. Естеріңізде болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құн салығы жыл соңына дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілген болатын. Нәтижесінде тауар өндірушілерге 8,7 миллиард теңгеге жеңілдік жасалды. Жоспарланған көктемгі егіс науқаны үшін қазақстандық фермерлерге «Аграрлық несие» корпарациясы арқылы 5 пайыздан аспайтын мөлшерде 70 миллиард теңге бөлінді. Бұл жылдағы көрсеткіштен 10 пайызға көп. Осы шара аясында қаржылай қолдаумен 2 405 нақты қосалқы шаруа субъектісі қамтылды», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

-->