Елорда жаңалықтары

Елорда тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды

Астана тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны келіссөздер барысында аударым арқылы алдын ала төлем сұраған. Содан  ол «алданған клиенттердің» телефон нөмірлерін бұғаттап, өзі хабарсыз кеткен. Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері қаскүнемді анықтай алды. Ол қазір үй қамаққа алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген залал сомасы анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жас жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын тексеріп жатыр.
 
-->

Алаяқ Instagram желісінде аккаунт ашып, жаңа жыл қарсаңында тауарларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялау арқылы азаматтарды алдаған. Ассортиментке шыршалар, ойыншықтар, сондай-ақ приставкалар кірген. Алаяқ парақшасына интернеттен жүктелген суреттерді қойған. Сөйтіп, қаланың алты тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалған, - деп жазылған хабарламада.