Елорда жаңалықтары

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төлеу ережесіне өзгеріс енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылғы 9 мамырда карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Атап айтсақ, өзгеріс ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығында болды. Сол бойынша белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлем жасау бойынша нормалар енгізілген. Атап айтқанда: 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері және қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 4) көп балалы жанұялар; 5) ең төменгі әрі одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер; 6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру барысында, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Бұдан басқа, коммуналдық қызметтер төлемі жергілікті бюджеттен өтелген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау мүмкіндігі беріледі.

-->