Хоккейден виртуалды әлем чемпионаты: Қазақстан Латвиямен ойнайды
Хоккей Халықаралық хоккей федерациясы ұйымдастырған виртуалды әлем чемпионаты жалғасуда деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Элиталы дивизионда өтіп жатқан вируталды турнир дауыс беру форматында ұйымдастырылған. Әлем чемпионатының әрбір кездесуіне белгіленген екі сағат ішінде жанкүйерлер дауыс беруі қажет. Жиналған дауыс пен федерацияның өзіндік формуласы бойынша нәтижелер анықталады. Көрермендер дауысын әлеуметтік желідегі IIHF ресми аккаунтарында жариялай алады. Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Швейцариядан 2:5 есебімен ұтылды. Бүгін олар Латвияға қарсы ойнайды.
-->Хоккей Халықаралық хоккей федерациясы ұйымдастырған виртуалды әлем чемпионаты жалғасуда деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Элиталы дивизионда өтіп жатқан вируталды турнир дауыс беру форматында ұйымдастырылған. Әлем чемпионатының әрбір кездесуіне белгіленген екі сағат ішінде жанкүйерлер дауыс беруі қажет. Жиналған дауыс пен федерацияның өзіндік формуласы бойынша нәтижелер анықталады. Көрермендер дауысын әлеуметтік желідегі IIHF ресми аккаунтарында жариялай алады. Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Швейцариядан 2:5 есебімен ұтылды. Бүгін олар Латвияға қарсы ойнайды.