Биыл бас қалада 150 жол салынады
Нұр-Сұлтан қаласында биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100 көшесі елді-мекендерге тиесілі. Елорданың 50 магистральды көшелеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетіп, жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі», - делінген хабарламада. 2020 жылы елді-мекендерде 60 километрді құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол жұмыстарына 1,5 мың адам қатысып жатыр. Ал жалпы 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады», - деп жазады елорда әкімдігі.
-->Нұр-Сұлтан қаласында биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Нұр-Сұлтанда жол жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100 көшесі елді-мекендерге тиесілі. Елорданың 50 магистральды көшелеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетіп, жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі», - делінген хабарламада. 2020 жылы елді-мекендерде 60 километрді құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол жұмыстарына 1,5 мың адам қатысып жатыр. Ал жалпы 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғындар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады», - деп жазады елорда әкімдігі.