Елорда жаңалықтары

Елорда әуежайына 6 миллионыншы жолаушы ұшып келді

Елорда әуе айлағы өзінің тарихында тұңғыш рет бір жылдың ішінде алты миллион жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына Ақтау қаласынан кезекті рейс ұшып келді. Аталған рейстің жолаушыларын аэропорт өкілдері салтанатты түрде қарсы алып, лототрон көмегімен жеңімпазды анықтады.

Жолаушының есімі - Танзиля Жолдыбаева. Ақтау қаласының тұрғыны.

Алты миллионыншы жолаушыға Air Astana компаниясы әуежай әкімшілігімен бірлесіп елордадан кез келген халықаралық бағыт бойынша екі билет табыс етті.

-->