Елорда жаңалықтары

Астанада «Пиротехника-2022» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Астаналық полицейлер пиротехниканың заңсыз сатушыларын анықтап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында елордада “Пиротехника-2022” жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Полицейлер ТЖД Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, 25 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін пиротехниканы сатудың заңсыз нүктелерін тексереді.

Полицияға елордалық мектеп-гимназияда 5-сынып оқушысы отшашуды жарып жібергені туралы хабарлама келіп түсті. Оқушының өнімді тұрғын үй кешенінің жертөлесінде орналасқан бутиктен сатып алғаны анықталды.

Тексеру барысында аталған бутикте заңсыз сатылған “Корсар” отшашуларының 10 қорабы табылды.

Сондай-ақ сауда үйінің жанында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісі анықталды. 28 жастағы астаналықтан 57 бірлік пиротехникалық бұйым тәркіленді. Сатушыға қатысты заңсыз сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

-->