Елорда жаңалықтары

«Астана» баскетболшылары сырт алаңда «Минскті» жеңді

ВТБ Бірыңғай лигасының матчында «Астана» сырт алаңда «Минскіні» жеңді, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz  сілтеме жасап.

Кездесу 76:65 (20:15, 22:19, 18:15, 16:16) есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы матчта 15 ұпай жинаған «Астананың» баскетболшысы Кваме Вон болды.

Бұл - «Астана» клубының ВТБ Бірыңғай лигасының 2022/23 маусымындағы үшінші жеңісі. Қазақстандық клуб турнирлік кестеде 11-орында келеді, бірақ «Энисейге» жақындады (төрт жеңісімен 10-шы орында тұр).

«Минскке» келетін болсақ, Беларусь құрамасы жалғыз жеңісімен кестеде соңғы, 12-орында қалды.

-->