Елорда жаңалықтары

Елордада Мұстафа Шоқайды ұлықтаған конференция өтті

Астана қаласы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының перзенті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Конференция Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Түркияның Стамбул қаласындағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара, Франция мемлекеті «Әлем» француз-қазақ қауымдастығының вице-президенті, дипломат, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Майра Ысқақова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, шоқайтанушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының, Бас редакторлар клубының мүшесі Қасымхан Бегманов, алаштанушы-ғалым, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Елдос Тоқтарбай, және мемлекеттік қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, жазушылар мен шоқайтанушы ғылыми орталық зерттеушілері, ұстаздар қауымы және оқушылар қатысты.

Конференцияда 200-ден астам  зерттеу жұмыстары тіркеліп, сараптамаға жіберілді.

Іс-шараның алғашқы бөлігінде конференция қатысушылары М.Шоқай атындағы мектептің музейін аралап, мұражай тынысымен таныстырумен басталды. Ал пленарлық бөлімінде танымал тұлғалар Мұстафа Шоқайдың ұлттық рухани болмысы туралы зерттеулерін баяндады.   

Диалогтік алаңда шоқайтанушы, әрі зерттеуші ғалымдардың ұлы тұлғаның саяси бейнесі мен өмір жолы туралы тың деректерімен пікір алмасты. Іс-шара соңында секция жұмысы қорытындыланып, белсенді оқушылар марапатталып, мектептің 5 дарынды оқушысына демеушілер есебінен Мұстафа Шоқай атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалды.

Айта кетейік, конференцияға қатысушылардың ғылыми еңбектері мен ізденіс жұмыстары жинаққа енгізіліп, оқырмандарға таратылады. 

-->