Елорда жаңалықтары

Астана әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында 25 отбасыны онлайн қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында 25 отбасыны онлайн қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтарды апта сайын қабылдау жұмысын жалғастырамыз. Бүгін онлайн режимде кезекті 25 отбасыны қабылдадым. Азаматтарды қабылдау жұмысы апта сайын өткізілетін болады. Бірқатар сұрақ бойынша мамандарға тиісті орынға баруды тапсырдым, өзім де елорда тұрғындарымен жергілікті орындарда – қаланың елді мекендері мен аудандарында кездесіп тұрамын.

Проблеманы шешу ісінде тек бір жолды ғана емес, жүйелі түрде қарастыратын боламыз. Мәселен әлеуметтік нысандарға қатысты проблемалар бар. Тиісінше оқу орындарын, медициналық орталықтарды, қолжетімді тұрғын үйлерді көбірек салатын боламыз. Келесі оқу жылы тағы 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, ал жеке балабақшаларға арнап 10 мың орынға мемлекеттік тапсырыс бөлеміз, медициналық орталықтар желісін кеңейтеміз және т.б.

Сол сияқты инфрақұрылым бойынша проблемалар бар: қалада ауыз су станциясының, газ жылу станцияларының құрылысы жүріп жатыр. Біз оларды 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде құрылысын жоспарлап, инфрақұрылым нысандарына арналған учаскелерді анықтаймыз, - деп жазды елорда әкімі.