Елордада Байқоңыр ауданы әкімінің шыршасы өтті
Жылдағы дәстүр бойынша Байқоңыр ауданы әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мерекелік іс-шараға барлығы 500-ге жуық бала қатысты.
Балалардың қуанышына аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндердің қуаныштарында шек жоқ. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Әрі қарай шырша мерекесі үлкен сахнада балаларға арналған музыкалық көріністермен жалғасты.
Сондай-ақ мерекелік іс-шара соңында балақайларға тәттілер де үлестірілді.
-->Жылдағы дәстүр бойынша Байқоңыр ауданы әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мерекелік іс-шараға барлығы 500-ге жуық бала қатысты.
Балалардың қуанышына аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да әрқашан ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын, - деп мерекелік лебізін білдірді аудан басшысы.