Елордада қоғамдық автобустар 45 минутқа дейін кешігуі мүмкін
Ауа-райының нашарлауына байланысты елордада көлік кептелісі көбейіп, автобустар кешігіп келіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Қаланың қоғамдық көлігіне жауапты City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, әсіресе автобус жолағы жоқ көшелерде автобус инвервалы ұзаруда.
Астана жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
-->Ауа-райының нашарлауына байланысты елордада көлік кептелісі көбейіп, автобустар кешігіп келіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Қаланың қоғамдық көлігіне жауапты City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, әсіресе автобус жолағы жоқ көшелерде автобус инвервалы ұзаруда.
Астана жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайды. Қазіргі уақытта диспетчерлер автобустардың 45 минутқа дейін кешігуін есептеп отыр», - дейді компания.