Елорда жаңалықтары

Астанада тағы жылы аялдама салу жоспарлануда

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Елордада қоғамдық көлікті дамыту, жолдарды салу және жөндеу бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар» атты брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде, қазір жылы аялдамаларды электрмен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

-->

Елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады.  Сондықтан да  жылы аялдамалар салу жобасы жалғасатын болады. 2015 жылдан бастап елордада жабық үлгідегі 164 аялдама павильоны орнатылды. Биыл тағы 28 жылы аялдама  салынды,- деді  Нұрлан Нұркенов.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде, қазір жылы аялдамаларды электрмен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда елорданың барлық аудандарында жылы аялдамаларды қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс жоспарлануда және қазіргі уақытта 2023 жылға арналған аялдама павильондарын орнату бойынша атаулы бағдарлама әзірленіп жатыр - деді ол.