Елордада медициналық туризмді дамыту бойынша жиын өтті
Астанадағы Үндістан Елшілігі «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында «Медициналық туризмді» дамыту бойынша B2B кездесу ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Үндістан мен Қазақстандағы ауруханалар, екі ел арасындағы медициналық туристер ағынын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аталған салаларға инвестициялар тартуға және осы салалардағы кедергілерді еңсеру үшін шешім іздеуге бағытталған.
Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Шубхдаршини Трипати өзінің құттықтау сөзінде Үндістанның Денсаулық сақтау индустриясы инфрақұрылым, технология, маман дәрігерлер мен медбикелер тұрғысынан әлемдегі үздіктермен бәсекелесетінін атап өтті.
Қазақстан тарапынан Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов құттықтау сөз сөйледі. Ол медициналық туризмді одан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен өткен жылы медициналық туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгені туралы хабарлады. Оған Қазақстанға медициналық туризм бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және шет елдерде талап етілетін қызметтерді (медициналық, сервистік) кеңейтуді қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуетін арттыру сияқты бағыттар кірді.
Өз кезегінде Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министірлігінің департамент директоры Лав Агарвал Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі Medical Value Travel (MVT) бастамасын іске асырып жатқаны туралы айтты. Аталған іс-шара шеңберінде Үндістанға емделуге ұшатын шетелдік пациенттерге сенімді экожүйе құрылып, соның интеграцияланған жақын арада қосылатын веб-портал және «Үндістандағы емдеу» деп аталатын мобильді қосымша арқылы қолдау көрсетіледі деп күтіліп жатыр.
-->Астанадағы Үндістан Елшілігі «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында «Медициналық туризмді» дамыту бойынша B2B кездесу ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Үндістан мен Қазақстандағы ауруханалар, екі ел арасындағы медициналық туристер ағынын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аталған салаларға инвестициялар тартуға және осы салалардағы кедергілерді еңсеру үшін шешім іздеуге бағытталған.
Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Шубхдаршини Трипати өзінің құттықтау сөзінде Үндістанның Денсаулық сақтау индустриясы инфрақұрылым, технология, маман дәрігерлер мен медбикелер тұрғысынан әлемдегі үздіктермен бәсекелесетінін атап өтті.
Үндістанның жоғары мамандандырылған органдарды трансплантациялау, кардиология, онкология және т. б. салалардағы тәжірибесі Үндістанды медициналық құндылығы бар саяхаттың жаңа мекеніне айналдырды. Гуманитарлық көмек ретінде Үндістан өзінің отандық вакцинасын «Майтри вакцинасы» бастамасы аясында 100-ден астам елге таратты, - деді Шубхдаршини Трипати.