Бас шаһарда 30-дан астам проблемалық үй бар – Есет Байкен
Қазіргі таңда 4 мыңға жуық елордалық үлескер бар. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->

Келесі жылға 8 обьекті, яғни оның ішінде 30-дан астам проблемалық үй қалып отыр. Бұл жерде 4 мыңға жуық үлескер әлі де өзінің кезінде салған қаражатына пәтер кілтін алған жоқ. Қала әкімдігі үлескерлік құрылыстағы проблемалық нысандармен нақты шараларды 2019 жылдан бастап атқарады. Сондай-ақ әкімдік толық өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындайтынын жеткізгім келеді. Және де қазіргі кезде аяқтау механизмдері қолымызда бар, - деді Есет Байкен.