Елордалық 13 мың үлескер пәтер кілтін алды – Есет Байкен
Астанада 13 мың үлескер пәтер кілтін алды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Балалар жылының қорытындысы мен үлескерлік құрылыстағы проблемалық нысандардың аяқталуы» атты брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Брифинг барысында Есет Байкен проблемалық обьектілерді аяқтау бойынша Үкімет пен қала әкімінің бірлесе қабылдап жатқан нақты шаралары мен оның нәтижелері туралы баяндады.
-->

Өздеріңізге мәлім, 2019 жылы елордада 150-ден астам проблемалық үй бар 52 обьекті болатын. Ол кезде үлескерлердің құрылыстары тоқтап қалған. Әр обьектіде құрылысшының үстінен іс қозғалып, жауапкершілікке тартылып, абақтыға қамалған. Сол кезде Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес Үкіметпен нақты шаралар қабылданып, қаржы бөлініп, әкімдікпен «Елорда құрылыс компаниясы» атты уәкілетті ұйым ашылды. Нақты концепция құрылды. Сол бойынша қиындықта қалған 150 үйдің құрылысын аяқтау бойынша нақты шаралар іске асырыла бастады. Осы орайда Үкімет пен әкімдіктің үнемі қолдауының нәтижесінде бүгінгі күні 150 проблемалық үйдің 120-ның толыққанды құрылыс жұмыстары аяқталды. 16 мың проблемалық үлескердің 13 мыңға жуығы қазіргі кезде пәтер кілттерін алды, - деді Есет Байкен.