Елорда жаңалықтары

А.Көлгінов: Нұр-Сұлтан – мықты адамдардың қаласы

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен «Астана тв» телеарнасының бірлескен жобасы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында Нұр-Сұлтан мықты адамдардың қаласы екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жалпы, қалаларда мықты адамдар тұрады. Әсіресе, үлкен қалаларда, соның ішінде астанада. Өйткені онда тұрғындар саны көп, бәсекелестік те үлкен. Өкінішке қарай, кейбіреулер үйде отырып, біреуді сынап, құр сөзбен алға басамын деп ойлайды. Бірақ олай әрекетсіз жетістікке жету қиын. Жетістікке жету үшін, адамдарға көмектесу үшін де мықты болу керек. Жеке адам ретінде де өзіңе, отбасыңа қолдау көрсету үшін мықты болуға тиіссің. Жоқ дегенде көшеге қоқыс тастама немесе соны жинауға көмектес, қарияларға қол ұшын соз. Сондықтан елорда мықтылардың қаласы болуы керек деп санаймын, ол солай да. Бізде меценаттар да, іскер адамдар да өте көп. Мысалы, дәрігерлерді алыңыз. Олар – бүгінгінің батырлары. Сол сияқты мұғалімдер де үлкен жұмыс атқарып жатыр. Карантин кезінде оқушымен қоса, олардың ата-аналарын да жаңа жүйеге үйретіп жатыр. Балаларымен үнемі үйде отырған ата-аналар да мұғалімдерді қаншалықты бағалайтындықтарын айтып, кері байланыс болып жатыр. Сонымен қатар полицейлерді де мысалға келтіруге болады. Олардың да отбасы бар. Бірақ олар соған қарамастан өз өмірлеріне қауіп төнсе де, көшедегі әр көлікті тоқтатып, оларды тәртіпке бағынуға шақырды. Жалпы, Нұр-Сұлтанда 380 мың көлік тіркелген. Карантин кезінде көлік қозғалысы 50 мыңға дейін азайды. Айта кету керек, соның нәтижесінде қаладағы қылмыс көрсеткіші 40 пайызға, жол-көлік оқиғасы 70 пайызға төмендеді. Карантиннің осындай пайдалы жақтары да бар. Сондықтан Нұр-Сұлтанды мен мықтылардың қаласы деп санаймын», – деді елорда әкімі.

-->