Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы онлайн форматта өтеді – елорда әкімі
Пандемияға байланысты биылғы мерекелік шаралардың барлығы онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен «Астана тв» телеарнасының бірлескен жобасы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. «Ардагерлерге әрдайым көңіл бөлуіміз қажет. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына байланысты елордада тұратын ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден сыйақы беріледі. Тыл ардагерлеріне де тиісті төлемақы қарастырылған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің қатарына теңестірілген ардагерлер бар, барлығы 200 миллион теңге қаржы бөлінді», – деді елорда әкімі. Сонымен қатар қала басшысы пандемияға байланысты биылғы мерекелік шаралардың барлығы онлайн форматта өтетінін атап өтті. «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған барлық шара онлайн түрде өтетін болады. Бізге осындай бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерімізді құттықтап, оларға құрмет көрсету үшін онлайн қозғалыстар болуы мүмкін. Алайда ардагерлердің үйіне бармаймыз. Өйткені олардың көбі жасы 90-нан асқан қариялар. Сондықтан вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сол себепті БАҚ арқылы ардагерлерімізді барынша насихаттайтын боламыз. Сыйлықтар табысталады. Нақты бағдарламаларымыз бар. Жалпы, соғыс ешкімге пайда әкелген жоқ. Жер жүзіне үлкен сабақ болды. Мысалы, Біріккен Ұлттар ұйымы да сол соғыстан кейін құрылды. Келешек ұрпақ батыр ардагерлеріміздің ерлігін, тыл ардагерлерінің еңбегін ешқашан ұмытпауы керек. Оларды мәңгі жадымызда сақтауға тиіспіз. Біздің елімізді, жерімізді сақтап қалған ардагерлерімізге басымызды иеміз», – деді А.Көлгінов.
-->Пандемияға байланысты биылғы мерекелік шаралардың барлығы онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен «Астана тв» телеарнасының бірлескен жобасы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. «Ардагерлерге әрдайым көңіл бөлуіміз қажет. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына байланысты елордада тұратын ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден сыйақы беріледі. Тыл ардагерлеріне де тиісті төлемақы қарастырылған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің қатарына теңестірілген ардагерлер бар, барлығы 200 миллион теңге қаржы бөлінді», – деді елорда әкімі. Сонымен қатар қала басшысы пандемияға байланысты биылғы мерекелік шаралардың барлығы онлайн форматта өтетінін атап өтті. «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған барлық шара онлайн түрде өтетін болады. Бізге осындай бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерімізді құттықтап, оларға құрмет көрсету үшін онлайн қозғалыстар болуы мүмкін. Алайда ардагерлердің үйіне бармаймыз. Өйткені олардың көбі жасы 90-нан асқан қариялар. Сондықтан вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сол себепті БАҚ арқылы ардагерлерімізді барынша насихаттайтын боламыз. Сыйлықтар табысталады. Нақты бағдарламаларымыз бар. Жалпы, соғыс ешкімге пайда әкелген жоқ. Жер жүзіне үлкен сабақ болды. Мысалы, Біріккен Ұлттар ұйымы да сол соғыстан кейін құрылды. Келешек ұрпақ батыр ардагерлеріміздің ерлігін, тыл ардагерлерінің еңбегін ешқашан ұмытпауы керек. Оларды мәңгі жадымызда сақтауға тиіспіз. Біздің елімізді, жерімізді сақтап қалған ардагерлерімізге басымызды иеміз», – деді А.Көлгінов.