Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов елордадағы масамен күрес жүргізу шарасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы мен «Астана тв» телеарнасының бірлескен жобасы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында қаладағы масамен күрес жүргізу шарасы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Масамен күрес жүргізу үшін ертерек қамдану керек. Биыл тиісінше тендер өз уақытымен өткізілді. Конкурсты жеңіп алған компанияларға жұмысшыларды дер кезінде жұмылдырып, оларды қажетті құрал-жабдықтармен кешіктірмей қамтамасыз ету керектігі жөнінде қатаң талаптар қойылды. Жалпы, қалада тәжірибелі компаниялар бар. Олардың тәжірибелілігі шаһардағы ғылыми негізге сүйене отырып жұмыс істейтіндігінде. Ғылыми негізге сүйнетін болсақ, масамен күрес шарасы су қоймалары, көгалдандыру сияқты орындарда, жертөлелерде, яғни масалардың жұмыртқалайтын жерлерінде басталады. Бізде Талдыкөлден бастап Есіл, Нұра өзендері, шеткі аймақтарда Ақбұлақ, Сарыбұлақ сынды су қоймалары жетерлік. Олардан бөлек, қалаға жақын маңдағы өзге облыстардың елді мекендері бар. Ол жақтарда күрес шаралары қалай жүргізіліп жатқанын білмедім. Бірақ ол жақтардан масалардың ұшып келуі әбден мүмкін. Сондықтан мамандар тиісті шараларды пайдалана отырып, масаларды қаладан сыртқа қарай шығарады», – деді ол. Сонымен қатар әкім масаларды мүлде жойып жіберуге болмайтынын да атап өтті. «Жалпы, маса санын азайту үшін барлық тиісті шаралар қолданылады. Алайда оларды жойып жіберуге де болмайды. Өйткені бұл жәндіктер де табиғаттың бір бөлшегі. Балықтар масамен қоректенеді. Табиғи баланстың да сақталуы қажет. Бұл мәселе біздің жіті бақылауымызда болады. Қазіргі таңда жұмыстар басталды», – деді А.Көлгінов.

-->