Астанада «Qogam Fest» жастар фестивалі өтіп жатыр
Әр өңірден жиналған 500-ден астам жас өрен «QOGAM FEST» фестиваліне қатысу үшін Астанада бас қосты, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, олар заманауи би түрлері, скейтборт тебу мен паркур өнері бойынша екі күн бойы сайысқа түсіп, өзара үздікті анықтайды. Қатысушылардың дені оқушылар мен студенттер. Жарыстың жүлде қоры 4 млн теңге, әр аталым бойынша 3 жеңімпаз марапатқа ие болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар фестивалін дәстүрлі түрде өтекізіп, оған ел аймақтарымен қатар, көрші елдерде қатысушыларды тартуды жоспарлап отыр.

Мен гимнастика, би үйірмелеріне барамын. Екі ай бойы үйде дайындалып, анам бейнетаспаға түсірді. Бүгін өнер көрсетуге келдім, - деді қатысушы Аиша Ерматова.
Хабар24 жазуынша, олар заманауи би түрлері, скейтборт тебу мен паркур өнері бойынша екі күн бойы сайысқа түсіп, өзара үздікті анықтайды. Қатысушылардың дені оқушылар мен студенттер. Жарыстың жүлде қоры 4 млн теңге, әр аталым бойынша 3 жеңімпаз марапатқа ие болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар фестивалін дәстүрлі түрде өтекізіп, оған ел аймақтарымен қатар, көрші елдерде қатысушыларды тартуды жоспарлап отыр.
Бұл номинациялардың барлығы 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарының тізіміне кіреді. Жас балалар, жасөспірімдер және ересек балалар қатысуда. Бірінші орынға 200 мың теңге, 2-орынға 150 мың теңге және 3-ші орынға 100 мың теңге сыйақы беріледі. Фестивальді ұйымдастыруға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен демеушілер қолдау көрсетіп отыр, - деді ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрхат Ораш.