Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов: Елордада эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында карантин режимі бас қаланы қалай өзгерткенін қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Сөз басында қала басшысы елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қазір 40 пайызы, яғни 300-ден астам адам емделіп шыққанын ерекше атап өтті. «Өкінішке қарай, 3 адам қайтыс болды. Бұл өте қайғылы жағдай. Бірақ бұл орайда дәрігерлердің еңбегін айрықша атап өту керек. Олар бұл жұмысқа аянбай кірісіп, науқастарға тиісті ем-дом көрсетіп жатыр. Отбасынан жырақта, күндіз-түні карантинде қызмет етіп жүр. Бұл оңай жұмыс емес. Олардың ерлігінің арқасында бұл қиындыққа алаңдамасақ болады. Дегенмен қауіп әлі де сейілген жоқ», - деді Алтай Көлгінов. Шаһар әкімі сөз арасында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ақхалатты мамандар айтарлықтай материалдық көмек алғанын тілге тиек етіп өтті. «Қазіргі уақытта шамамен 2 мың дәрігер жалпы сомасы 1 млрд теңгеге дейін сыйақы алды. Сонымен қатар, сыйақы алғандардың қатарына полицейлер, әскерилер кірді. Яғни бүкіл қоғам осы індетпен күресіп жатыр. Карантин қаламызға өзгеріс енгізді. Мысалға біраз кәсіпорын қызметін тоқтатты. Бұл мәжбүрлі шара болып отыр. Бірақ осының арқасында індеттің белең алмауының алдын алдық. Алайда қауіп толықтай сейілген жоқ. Дегенмен эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айту керек. Тәулігіне 60-қа жуық адамнан коронавирус анықталған кез болды. Осыдан кейін біз жаппай тестілеу жұмысын бастадық. Қазір тәулігіне – 17 адам. Қазір науқастармен байланыста болғандармен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді әкім.

-->