«Ардагерлер» заңына сәйкес, Ауған соғысының ардагерлеріне тиесілі жеңілдік алынып тастала ма
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Ауған соғысының ардагерлері мемлекеттік төлемақыны әрі қарай да ала беретінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әлеуметтік желіде «Ардагерлер» туралы жаңа заң жобасы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен жауынгер интернационалистерге мемлекеттен төленетін 17 мың теңгенің алынып тасталатыны жайлы қызу талқыланды. Заң жобасында оған өзгеріс енгізілмейді. Заңда оларға арнайы тоқталып, ерекше мәртебе беру туралы қарастырылған», – деді вице-министр.
-->ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Ауған соғысының ардагерлері мемлекеттік төлемақыны әрі қарай да ала беретінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әлеуметтік желіде «Ардагерлер» туралы жаңа заң жобасы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен жауынгер интернационалистерге мемлекеттен төленетін 17 мың теңгенің алынып тасталатыны жайлы қызу талқыланды. Заң жобасында оған өзгеріс енгізілмейді. Заңда оларға арнайы тоқталып, ерекше мәртебе беру туралы қарастырылған», – деді вице-министр.