Елорда жаңалықтары

Елордада бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті

Елорда іргесінде орналасқан «Аспан» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 350 спортшы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар  бақ сынады.

Барлығы 350 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

-->