Елорда жаңалықтары

«Ардагерлер» туралы заң жобасында қандай жеңілдік қарастырылған – вице-министр жауабы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жаңа заң жобасы бойынша ардагерлердің 11 салық түрінен босатылғанын айтты, Елорда Инфо. «Ардагерлерге қамқорлық көрсету әрдайым мемлекеттің басты бағдарының бірі болады. Ұлы Жеңісті еске алу ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі түрде жалғасады. Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмасына сәйкес, «Ардагерлер» туралы заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жоспарларына енгізілді. Оны біздің министрлік қолға алып, Жеңістің 75 жылдығын атап өту қарсаңында мәресіне жетті», – деді вице-министр. Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау жағынан 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа дейін және одан кейін де қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлердің дәрежесі ҰОС ардагерлерімен бірдей. «Мысалы, Финляндия, Жапония, Батыс Украина мен Қытайдағы қақтығысқа қатысқандар да ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктерді алуға құқылы. Сонымен қатар олар мүлік салығы, жер салығы сияқты 11 салық түрінен босатылады», – деді ол. Сондай-ақ вице-министр заңға неліктен «Ардагердің баласы» деген тармақтың қосылмағанын да түсіндіріп өтті. «Ондай дәреже тек майдан болған Украинада кездеседі. Ал соғыс Қазақстан жерінде болмағандықтан, халықаралық тәжірибеге сәйкес, ондай тармақ енгізілген жоқ», – деді Е.Әукенов.

-->