Елордада аурухана жанынан қосымша 200 орындық блок ашылды
Елордада Президент Іс Басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жанынан қосымша 200 орындық блок ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Ғимарат 39 мың шаршы метрді құрайды. Емдік-диагностикалық блоктың ерекшелігі – күрделі аурулары бар науқастарды емдеуге және оңалтуға арнайы тәсілдерді қолдану. Мұнда пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология сынды 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.
Блок соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мәселен, мұнда минутына 640 кескін жасайтын және тіндердің әрбір миллиметрін зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік томограф бар. Аппарат зерттеу уақытын бірнеше есе қысқартады.
Ал магнит-резонанстық томограф аппарат көмегімен науқастың бас құрылысын, ми, жұлын жалпы барлық іш-құрылысты қарауға мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, қондырғы шусыз яғни тыныш жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұл ұзақ зерттеу кезінде науқастың жайлылығы үшін өте маңызды екен.
Сондай-ақ, мұнда сүт безі ауруларын диагностикалаудың құрылғысы орнатылған. Томосинтез функциясы бар маммография сүт безі тініндегі ең ұсақ өзгерістерді анықтай алады. Бұл аппарат арқылы 35 жастан асқан қыз-келіншектер тексеріле алады.
Тағы бір айта кетерлігі, науқастар инсульт, инфаркт, хирургиялық оталардан соң қалпына келетін оңалту блогы ашылған.
-->Елордада Президент Іс Басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жанынан қосымша 200 орындық блок ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Ғимарат 39 мың шаршы метрді құрайды. Емдік-диагностикалық блоктың ерекшелігі – күрделі аурулары бар науқастарды емдеуге және оңалтуға арнайы тәсілдерді қолдану. Мұнда пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология сынды 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.
Блок соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мәселен, мұнда минутына 640 кескін жасайтын және тіндердің әрбір миллиметрін зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік томограф бар. Аппарат зерттеу уақытын бірнеше есе қысқартады.
Сондай-ақ, бұл мультиспиральды компьютерлік томограф арқылы кез-келген ағзаның динамикалық қан айналымын және оның функциясын көруге болады. Аппаратта жүрек-қан тамыр жүйесін, ми мен ішкі ағзаларды егжей-тегжей зерттеуге арналған бағдарламалар бар. Бір артықшылығы – сканерлеудің жылдамдығы. Бұл науқасқа әсер ететін радиациялық жүктемені анағұрлым азайтады. Сол арқылы зерттеуді қауіпсіз етеді. Құрылғы семіздік деңгейі жоғары (200 келіге дейін) науқастарға зерттеулер жүргізуге қауқарлы, - деді КТ және МРТ бөлімшесінің меңгерушісі Эльмира Ельшибаева.
Ал магнит-резонанстық томограф аппарат көмегімен науқастың бас құрылысын, ми, жұлын жалпы барлық іш-құрылысты қарауға мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, қондырғы шусыз яғни тыныш жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұл ұзақ зерттеу кезінде науқастың жайлылығы үшін өте маңызды екен.
Сондай-ақ, мұнда сүт безі ауруларын диагностикалаудың құрылғысы орнатылған. Томосинтез функциясы бар маммография сүт безі тініндегі ең ұсақ өзгерістерді анықтай алады. Бұл аппарат арқылы 35 жастан асқан қыз-келіншектер тексеріле алады.
Тағы бір айта кетерлігі, науқастар инсульт, инфаркт, хирургиялық оталардан соң қалпына келетін оңалту блогы ашылған.
Бас сүйек миына, жүрекке, омыртқаға, жамбасқа, буындарға жасаған отадан соң науқастарды емдік денешынықтыру орталығына алып келеміз. Мұнда олар түрлі жаттығу жасап, денсаулығын қалпына келтіреді. Сондай-ақ, арнайы роботталған кешен неврологиялық аурулары бар және қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған науқастардың белсенділігін арттыруға септігін тигізеді, - деді дәрігер Бақытгүл Дүзелбаева.