Елорда жаңалықтары

Астанада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті таратылды

Елордада кезекті рет қайырымдылық іс-шарасы өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер мен еріктілердің көмегімен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері тапсырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Арнайы ұйымдастырылған топ 1000-нан астам отбасыға азық-түлік себетін тапсырмақ.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, яғни толық емес, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы, жалғызбасты аналар қала әкімдігінің арнайы тізімінде бар.

Астананың төрт ауданының әкімдіктерінен келіп түскен, өздері өтініш білдірген қала тұрғындарының сұрауы негізінде дайындалған тізімдегі үйлерге азық-түлік себеттері жеткізіледі. Қалалық, аудандық әкімдіктердің өкілдері мен еріктілер жиналған азық-түлік себеттерін тізімдегі мекенжайлар бойынша таратады.

Ұймдастырушылардың айтуынша, азық-түлік қораптарын үйлерге тарату жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылған. Олардың арасында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер бар.

Жалпы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесі қала әкімдігінің назарынан тыс қалған емес. Іс-шараны ұйымдастырушылар алдымен көпбалалы ана Әсемнің үйіне ат басын бұрды.

Көпбалалы ана да өз қуанышын жасыра алмады. Арнайы құттықтап келген қайырымды жандарға алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ бес бала тәрбиелеп отырған Нұрбақыт Болатованың айтуынша, қала әкімдігі тарапынан мұндай әлеуметтік қолдау үнемі көрсетілетіліп тұрады.  

Айта кетейік, игі іс екі күнге жалғасады.

Аяулым Серік

-->

Астана қаласының әкімдігі демеушілермен, еріктілермен бірлесіп, бұрыннан жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі «Игі істер» марафоны аясында бүгінгі іс-шараны өткізіп отыр. Тәуелсіздік күні қарсаңында осы марафон шеңберінде мұқтаж отбасылар, әлеуметтік осал топ санатындағы тұрғындар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, толық емес отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1000-нан астам себет жинастырылды. Мұнда күнделікті тұтынатын қажетті азық-түліктер бар. Олар: қарақұмық, күнбағыс майы, қант, ұн, күріш, макарон өнімдері, шұжық, тауық еті және т.б. Астана қаласының әкімдігі тұрақты түрде демеушілермен бірлесіп, мұндай акцияларды жиі ұйымдастырады және қала азаматтарын осындай игі іске атсалысуға шақырамыз. Бұл акция жыл сайын өткізіліп тұрады. Түрлі мемлекеттік мерекелерде, оның ішінде Тәуелсіздік күні қарсаңында да өткіземіз. Бұл – осымен жыл басынан бері бесінші рет өткізіліп тұрған іс-шара. Соңғы рет Құрбан айт кезінде ет таратқан едік, - дейді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Астананың төрт ауданының әкімдіктерінен келіп түскен, өздері өтініш білдірген қала тұрғындарының сұрауы негізінде дайындалған тізімдегі үйлерге азық-түлік себеттері жеткізіледі. Қалалық, аудандық әкімдіктердің өкілдері мен еріктілер жиналған азық-түлік себеттерін тізімдегі мекенжайлар бойынша таратады.

Ұймдастырушылардың айтуынша, азық-түлік қораптарын үйлерге тарату жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылған. Олардың арасында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер бар.

Бүгін үш жүзге жуық отбасыға азық-түлік жеткізетін боламыз. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Мыңнан астам отбасыға осындай азық-түлік себетін жеткіземіз. Мұндай қайырымдылық марафоны соңғы 5-6 жылда ауқымды түрде жүргізіліп келеді. Биыл да ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін әлеуметтік аз қамтылған адамдарға тек азық-түлік апарып қана қоймай, физикалық тұрғыда мүмкіндігі жоқ жандарға, қарттарға ауласын қардан, қоқыстан тазартуға, үй ішін жинап, азық-түліктерін әкеліп беруге, басқа да көмек көрсетуге атсалысып келеміз. Астана қаласында 50-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Солармен бірлесе отырып, 100-ден астам қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Бүгін 70-80 волонтер келді. Сондай-ақ аталған қайырымдылық іс-шарасына автоволонтерлер де келіп, көмек көрсетуде. Еріктілер тобы ылғи да сауабы мол шараның басы-қасында жүреді, - дейді Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Жалпы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесі қала әкімдігінің назарынан тыс қалған емес. Іс-шараны ұйымдастырушылар алдымен көпбалалы ана Әсемнің үйіне ат басын бұрды.

Көпбалалы ана да өз қуанышын жасыра алмады. Арнайы құттықтап келген қайырымды жандарға алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

4 балам бар. Күйеуім жұмыс істейді, өзім бала күтімімен үйдемін. Мұндай тосынсыйды күтпеп едім. Өте қуаныштымын. Қала әкімшілігіне, еріктілерге, барлық осы істің басы-қасында жүрген жандарға алғысымды білдіремін. Осындай мерекелерде бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп тұрады. Бар жақсылықты тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, балаларымыз ауырмасын. Астанада тұрып жатқанымызға 5 жылдан асты. Осыдан үш жыл бұрын ғана тұрғылықты тіркеуден өтіп, үй алуға кезекке тұрдық. Үй кезегін күтудеміз, - дейді әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы ана Әсем.

Сондай-ақ бес бала тәрбиелеп отырған Нұрбақыт Болатованың айтуынша, қала әкімдігі тарапынан мұндай әлеуметтік қолдау үнемі көрсетілетіліп тұрады.  

Астана қаласының тұрғынымын, 5 баланың анасымын. Балаларымның үлкені – 13 жаста, кішісі – 4 жаста. Қала әкімшілігінен әлеуметтік көмек беріліп жатыр. Мұндай көмекті бірінші рет алып жатқан жоқпыз. Бұған дейін де, Ораза айт кезінде алған едік. Отбасымыздың атынан бізді елеп, көмек қолын созып жатқан әкімшілік пен демеушілерге, еріктілерге алғысымызды білдіреміз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, олардың үнемі қолдау көрсететіні жасырын емес. Көпбалалы ана ретінде жәрдемақы да аламыз. 2019 жылы «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 бөлмелі пәтер алдық. Қазір ай сайын 63 мың төлейміз. Жылы әрі қолжетімді баспанада тұрып жатырмыз, ең бастысы бізге төлеуге ыңғайлы. Мұндай бағдарламалар көптеп бола берсін, - дейді Нұрбақыт Болатова.  

Айта кетейік, игі іс екі күнге жалғасады.

Аяулым Серік