Елордада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан дарынды суретшілер марапатталды
Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы (IOFS) аясындағы Африка жылының аяқталуына орай өткен бейнелеу өнері конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға Астана, Қарағанды, Екібастұз және Ақкөл қалаларындағы «Қиын өмір жағдайына тап болған балаларды қорғау» орталықтарының балалары қатысқан.
Келіп түскен 66 суреттің ішінен екі жас санаты бойынша 8 жеңімпаз іріктеп алынған.
Жеңімпаз атанған өнерлі балаларға жарыс кубогымен бірге бағалы сыйлық сертификаты табысталды.
Ұйым аясындағы Африка жылының аяқталуына байланысты конкурс тақырыбы да қыссыз құрлыққа арналған екен.
5-10 жас аралығындағы балалар «Африка қалай елестетесіз?» деген сұраққа қылқалам арқылы жауап беругі тырысқан.
Ал 11-16 жас аралығындағы өрендерге «Африкадағы досыңа не сыйлар едің?» деген сұрақ қойылыпты.
IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет аталған төрт орталықтағы 250 баланың бәріне Magnum Cash & Carry компаниясымен серіктестік аясында алынған сыйлықтар жолданатынын айтты.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігінің демеушілігімен тәтті сыйлықтар табысталмақ.
-->

Бұл шараны 2023 жылдан бастап ұйымға мүше елдердің бәрінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту проблемаларына балалардың көзімен қарағымыз келеді, - деді Ерлан Байдәулет марапаттау сәтінде.