Елорда жаңалықтары

Алдағы екі-үш жылда ЛРТ жобасы аяқталады – елорда әкімі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің ЛРТ мен қаланы газдандыру мәселесі туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жеңіс Қасымбек Астананың проблемаларына да тоқталды.

-->

Алдағы екі-үш жылда ЛРТ жобасы аяқталады. Мәселе қаржыландыруда болып тұр. Газдандыру қарқыны тоқтамайды. Қазір жеке секторлардың бәрінде газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Талдыкөлге қатысты әзірге ештеме айта алмаймын. Жұмысқа кіріскеніме екі-үш күн болды. Сондықтан, белгілі бір уақыт өткен соң журналистермен кездесемін, әрбір мәселе бойынша кездесіп, ақылдасып отырамын, - деді елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбек Астананың проблемаларына да тоқталды.

Проблема көп. Нақты біреуінен бастап, жұмысқа кірісемін деп айта алмаймын. Олардың бәрі маңызды. Қазір қала бойынша 47 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның жартысы - көп балалы отбасылар. Сол кісілердің мәселесін шешу қажет. Коммуналдық желілердің тозығы бар, оны шешу керек, - деді қала әкімі.