«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы ардагерлерге құрмет көрсетті
«Nur Otan» партиясы елордалық филиалы өкілдері қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл туралы Елорда Инфо партияның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. Ардагерлерге тек Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, үнемі көмек көрсетіледі. Олардың әрқайсысына бастауыш партия ұйымдары мен «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қызметкерлері бекітілген. Олар үнемі ардагерлердің үйлерін аралап, мәселелерін шешуге тырысады. Ардагерлердің өздеріне де жылы қарым-қатынас, ұмыт қалмадық деген сезім қажет. «Бос уақытымда Батыс, үшінші Белорус және бірінші Балтық жағалауы майдандарында соғысқан Михаил Петрович Кочетковтың әскери тарихын тыңдауға келемін. Бүгін қызықты сәттерін жауынгер - танкист Иван Михайлович Ботев, Утюн Муканович Мұстафин, Анна Ивановна Губарева айтып берді. Кеуделеріндегі әрбір марапат жеке тарих пен дара жол», деп жазды Ерлан Каналимов facebook желісіндегі парақшасында. Әр ҰОС қатысушыларына бағалы сыйлықтар, азық-түлік себеттері, сондай-ақ қажетті қорғаныс құралдары табысталды.
-->«Nur Otan» партиясы елордалық филиалы өкілдері қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл туралы Елорда Инфо партияның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. Ардагерлерге тек Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, үнемі көмек көрсетіледі. Олардың әрқайсысына бастауыш партия ұйымдары мен «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қызметкерлері бекітілген. Олар үнемі ардагерлердің үйлерін аралап, мәселелерін шешуге тырысады. Ардагерлердің өздеріне де жылы қарым-қатынас, ұмыт қалмадық деген сезім қажет. «Бос уақытымда Батыс, үшінші Белорус және бірінші Балтық жағалауы майдандарында соғысқан Михаил Петрович Кочетковтың әскери тарихын тыңдауға келемін. Бүгін қызықты сәттерін жауынгер - танкист Иван Михайлович Ботев, Утюн Муканович Мұстафин, Анна Ивановна Губарева айтып берді. Кеуделеріндегі әрбір марапат жеке тарих пен дара жол», деп жазды Ерлан Каналимов facebook желісіндегі парақшасында. Әр ҰОС қатысушыларына бағалы сыйлықтар, азық-түлік себеттері, сондай-ақ қажетті қорғаныс құралдары табысталды.