Елорда жаңалықтары

«Тәуелсіздік және елорда»: бүгін республикалық ақындар мүшәйрасының қорытынды кеші өтеді

10 желтоқсан күні жыр додасына өлеңдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және елорда» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы 7-ші қараша күні  жарияланған болатын.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай оздырылып отырған жыр сайысының мақсаты – тәу етер тәуелсіздігімізді,  тәуелсіздік  тұмары – Астананы  жырлау. Сондай-ақ, осы айда тәуелсіздік бастауы – Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Ұйымдастырушылар осы мүшәйра арқылы Алаш қайраткерлерінің еңбегін және Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерлігін еске алып, тәуелсіздікке тағзым етуді көздейді.

Жыр бәйгесінің қорытындысымен өлеңсүйер қауым бүгін сағат 16.00-де Музыкалық жас көрермен театрында (Ж.Омаров көшесі, 47Б) өтетін қорытынды кеште таныса алады.

Марапаттау рәсімінде елімізге белгілі қаламгерлер қауымы мен өнер жұлдыздары қатысады деп күтілуде. Рухани кештен сіз де қалыс қалмаңыз!

-->