Елордада ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтар Жеңіс күніне арналған бір жолғы төлем алды
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген 3600-ден астам адам төлем алды. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн.теңгені құрады. 44 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн.теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.
-->Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген 3600-ден астам адам төлем алды. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн.теңгені құрады. 44 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн.теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.