Елорда жаңалықтары

Елорда бюджетін оңтайландыру нәтижесінде 32 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін оңтайландыру нәтижесінде 32 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл қаражат әлеуметтік салаға бағытталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қала әкімдігі жергілікті бюджетті оңтайландырды. Әкімдікке қарасты ұйымдардың басшылық құрамы қысқартылды. Бірқатар кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып, сенімді басқаруға берілді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардың саны қысқартылды және т.б. Нәтижесінде бюджетті оңтайландырудың жалпы сомасы 32 млрд теңгеден асты. "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығыстарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландыру есебінен үнемделген қаражат әлеуметтік салаға бағытталды. Экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды қолдауға 14,5 млрд теңге бөлінді. 3,6 млрд теңге білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. 3 млрд теңгеден астам сома әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін беріледі. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті қолдауға септігін тигізеді. Бизнес үдерістерді оңтайландырып, олардың тиімділігін арттыру, осы бағыттағы жұмысты қайта ұйымдастыру нәтижесінде 32 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үнемделген қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланың инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамту мәселелеріне және басқа да маңызды салаларға бағытталды",- деді қала әкімі Алтай Көлгінов онлайн-кеңесте. "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру жүргізілді. Жылына 1 млрд теңгеден астам сома үнемделеді. Бұл қаржы қысқы коммуналдық техниканы сатып алуға бағытталды. Биыл басшылық құрамды қысқарту есебінен қайталанатын функциялары бар 17 заңды тұлға оңтайландырылады. Сонымен бірге әкімдік "Астана Инвест" ЖШС, "Астана Конвеншн бюро" ЖШС, "Астана энергосбытовая компания" ЖШС мен "Астана калалық Жарық" ЖШС біріктіру туралы шешім қабылдады. Бұған қоса "Астана ЛРТ" ЖШС, "№1 автобус паркі" АҚ, "Жезкиік" АҚ көлік компанияларын біріктіру жоспарланып отыр. Жыл сайын бұл компанияларды ұстап-күту шамамен 700 млн теңгені құрады. Ғимараттарды жалдауға кететін шығындарды, басқа да әкімшілік шығыстарды қысқарту жергілікті бюджетті 1 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ теннис орталығы, өзен кеме қатынасының мүлкі (қайық) сияқты шығыны көп объектілерді сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін оларды күтіп-ұстауға жыл сайын 500 млн теңге қаражат жұмсалатын. Объектілерді сенімді басқаруға беру бюджет шығындарын 3 млрд теңгеге (7 жылдан 10 жылға дейін) азайтуға мүмкіндік берді. Қаланың бірқатар спорт ғимараты да сенімді басқаруға беріледі. Осылайша, сенімді басқару 10-15 жыл ішінде жергілікті бюджет қаржысын 23 млрд теңгеге (жыл сайын 1,5 млрд теңгеге) дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

-->