Елорда жаңалықтары

Астанада қалалық гимнастшылардың шығармашылық кеші өтті

Бүгін елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Белеске жету жолында» атты қалалық гимнастшылардың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шығармашылық кеште «Аэробты гимнастика», «Спорттық гимнастика», «Көркем гимнастика» және «Баттутық гинастика» спорт түрлерінің жас дарындары өнер көрсетті. Сонымен қатар, кеш аясында спорт саласына үлес қосып жүрген бірқатар жаттықтырушылар  марапатталды. 

Кештің арнайы қонағы ретінде шақырылғандардың қатарында - ресейлік гимнастшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, көркем гимнастиканың жарық жұлдызы  Евгения Канаева болды. Айта кетейік, ресейлік гимнастшы кеше екі ауысым бойынша елордалық жас гимнастшыларға өзінің арнайы техникасы мен ерекше авторлық элементтерін ұсына отырып мастер клас өткізді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша әлемдік және республикалық жарыстарда биік жетістіктерге жетіп жүргендерің қатарында - батуттық гимнастика спортшыларыда бар. Аталмыш спорт түрі секцияларына 250 спортшы қатысады. Қалада бір мемлекеттік және тағы бір жеке меншік мектеп бар. 

Концерт «Балалар жылы» аясында елорда көркем гимнастика Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

-->

Қазіргі таңда елордада көркем гимнастикамен 2,5 мың гимнастшылар айналысады. 14 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік - балалар мен жасөпірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі бар. Мектептерде 100-ден астам жаттықтырушы мен хореографтар еңбектенеді. Спорттық гимнастика елордада өте қарқынды дамып келе жатыр. Жалпы айтқанда бұл спорт түрімен қаламызда 400-ден аса спортшы айналысуда. Ал, аэробты гимнастикаға келетін болсақ, бұл спорт түрімен 200 ден астам спортшы айналысады,- дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева. 