Астанада жеңіл атлетикадан ашық біріншілік аяқталды
Елордада 9 және 10 желтоқсан күндері «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Астана қаласының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Жылды қорытындылайтын сайыста жас атлетшілер екі күн бойы 9 пән, 1 эстафета бойынша бақтарын сынады. Айтулы додаға Астана қаласының жеңіл атлеттері ғана емес, еліміздің Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы, Теміртау, Қарағанды қаларынан келген 180-ге тарта спортшы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыста үздік үштікке ілінген спортшылар Астана қаласының құрама командасына іріктелініп, Республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама алды.
Жарыстың алғашқы күні ұлдар мен қыздар 50м, 400м, 1500м ұзындыққа секіріп, спорттық снарядтарды лақтырып сондай-ақ эстафета жарысында бақтарын сынаған болатын.
Бүгінгі күнгі жарыстың қорытындысы бойынша 2008-2009 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар ұзындыққа секіріп өзара мықтыны анықтады. Бұл сайыста Фейст Илья мен Нұрғалиев Дамир алтын мен күмісті еншіледі. Дәл осы сайыста қыздар арасында Милана Гладкова алдына жан салмады. Ал екінші болып Колпинская Василиса үздік нәтиже көрсетсе, София Туретаева үшінші орынға жайғасты.
2006 жылғы қыздар арасында 800м қашықтықта жүгіруден жерлесіміз Екатерина Колода алтынға қол жеткізді. Екінші, үшінші орынға Теміртау қаласынан келген Богдана Григорьева мен Қарағандыдық Адия Кәрімжанова егіншіледі. Дәл осындай қашықтықта 2008 - 2009 жылғы қыздар арасында Астаналық ару қыздарға (Конылова Татьяна, Вебер Карина, Ищанова Жасмин) ешкім тең келмеді.
-->Елордада 9 және 10 желтоқсан күндері «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Астана қаласының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Жылды қорытындылайтын сайыста жас атлетшілер екі күн бойы 9 пән, 1 эстафета бойынша бақтарын сынады. Айтулы додаға Астана қаласының жеңіл атлеттері ғана емес, еліміздің Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы, Теміртау, Қарағанды қаларынан келген 180-ге тарта спортшы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыста үздік үштікке ілінген спортшылар Астана қаласының құрама командасына іріктелініп, Республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама алды.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті. Осы мерекеге орай біз жыл сайын дәстүрлі түрде жеңіл атлетикадан ашық біріншіліктер, төрт жас бойынша қала чемпионатын, мектеп біріншілігін өткіземіз. Яғни бұл жарыстарда үздік үштікке кірген спортшыларды келесі жылға Астана қаласының құрама командасына қабылдаймыз. Әрмен қарай спортшылар өздерінің бақтарына қарай республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама алады. Бұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі. Өйткені алдағы қысқы Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктелініп алынады. Қыс мезгілінде бізде жарыстардың барлығы жабық ғимаратта, яғни «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді, — дейді Астана қаласының жеңіл атлетика спорт түрінен аға жаттықтырушысы Айдын Сапарханов.