Елордада робототехникадан қалалық чемпионат басталды
Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейде робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі басталды. Чемпионатқа 53 мемлекеттік мектеп, 6 жекеменшік мектеп, робототехника бойынша 8 жекеменшік үйірме, НЗМ, Оқушылар сарайынан барлығы 187 команда қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Сайысты «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Robotek.kz» робототехника мектебі бірлесе отырып ұйымдастырды.
Роботтарды жобалау, бағдарламалау және техникалық мамандықтарды дәріптеуге бағытталған чемпионат үш күнге созылады. Оған қатысушы 10-17 жас аралығындағы оқушылар жас ерекшелігіне қарай «Робо-сумо», «Кегельринг-квадро», «Сызық бойымен жарыс», «Биатлон», «Эстафета», «Лабиринт» атты 7 санат бойынша жарысады.
«Robotek.kz» мектебінің директоры Санжар Шалқарбековтің айтуынша, робототехникадан өткізілетін жарыстар елімізде көп емес.
Ал елордадағы №1 мектеп-лицейдің бесінші сынып оқушысы Даниял Санат үшін аталмыш чемпионат – робототехникадан бесінші жарысы.
Айта кетейік, қалалық турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2023 жылғы 4-5 мамырда өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысады.
Индира БЕРЖАНОВА
-->

Елордада робототехникадан чемпионат биыл екінші рет өткізіліп жатыр. Чемпионатты өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстанда инженерия және робототехника салаларын дамыту. Былтыр өткен сайыс қалалық деңгейде ғана шектелсе, биылғы жылдың ерекшелігі чемпионат республикалық деңгейге көтеріледі. Әр өңірден іріктелген мықты командалар келесі жылы бақ сынайды. Себебі балалардың қызығушылығы ерекше, әрі бұл салаға сұраныс бар. Сондықтан қатысушы командаларға сәттілік тілеймі, — деді «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы Ғажденбек Тұрсынов өз сөзінде.
Роботтарды жобалау, бағдарламалау және техникалық мамандықтарды дәріптеуге бағытталған чемпионат үш күнге созылады. Оған қатысушы 10-17 жас аралығындағы оқушылар жас ерекшелігіне қарай «Робо-сумо», «Кегельринг-квадро», «Сызық бойымен жарыс», «Биатлон», «Эстафета», «Лабиринт» атты 7 санат бойынша жарысады.
«Robotek.kz» мектебінің директоры Санжар Шалқарбековтің айтуынша, робототехникадан өткізілетін жарыстар елімізде көп емес.
Робототехника – бір уақытта математика, физика, информатика пәндерін біріктіретін бірегей сала. Жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар дамып жатыр. Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінде роботтар қоғамның бір бөлшегіне айналып үлгерді. Бізде бұл үрдіс жалғасын табады деген сенім бар. Бұл салаға қызыққан балалар саны көп. Себебі робототехниканың болашағы зор. Меңінше, осы чемпионатқа қатысып отырған оқушылар өздерін жас инженер-робототехниктер ретінде көрсетуде, – деді ол.
Ал елордадағы №1 мектеп-лицейдің бесінші сынып оқушысы Даниял Санат үшін аталмыш чемпионат – робототехникадан бесінші жарысы.
Мен өзімнің досыммен сайысқа бірге дайындаған жобамызды әкелдім. Досым бағдарламалаумен айналысады, ал мен құрастырамын. Біз өз жұмысымызмен мақтанамыз. Өз басым робототехникадан өтетін жарыстардан қалмауға тырысамын, – деді Даниял.