Білім басқармасы ҰБТ-ға дайындық туралы мәлім етті
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы биыл мектеп түлектері арасында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық туралы түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу бұрынғы форматта қалады. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысуға онлайн өтінім беру 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы түлектер ҰБТ-ны 11-ші сыныптың төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтарынсыз тапсырады (яғни 5-ші сыныптан 11-ші сыныптың үш тоқсаны бойынша)», - деп хабарлайды Білім басқармасы. Ведомствоның хабарлауынша тестілеу кезінде барлық санитарлық шаралар қабылданатын болады.
-->Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы биыл мектеп түлектері арасында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық туралы түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу бұрынғы форматта қалады. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысуға онлайн өтінім беру 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында өткізіледі. Ағымдағы жылы түлектер ҰБТ-ны 11-ші сыныптың төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтарынсыз тапсырады (яғни 5-ші сыныптан 11-ші сыныптың үш тоқсаны бойынша)», - деп хабарлайды Білім басқармасы. Ведомствоның хабарлауынша тестілеу кезінде барлық санитарлық шаралар қабылданатын болады.