Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда «Эстрада», «Халық шығармашылығы», «Әдебиет», «Театр және кино», «Дизайн өнері», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Ғылым» салаларына өзіндік үлес қосқан 19 жас Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің қолынан төсбелгі алды.
«Дарын» сыйлығының тағайындалғанына биыл 30 жыл толып отыр. Бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық жас осы сыйлықтың иегері атанған.
Марапат иегерлері мына номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды. Атап өтсек, «Эстрада» номинациясы бойынша Құснадин Ақбота, Омаров Нұртас, «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Расылхан Шыңғыс, Алтынбек Әйгерім иеленді.
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша Сәденов Таңат, Қамажан Аяулым, «Әдебиет» номинациясы бойынша Талапов Шерхан, Төлтай Файзолла, «Театр және кино» номинациясы бойынша Серікболова Назерке, Әбіл Мирас марапатталды.
«Спорт» номинациясы бойынша Асаубаева Бибісара, Әбдімәлік Жансая, «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Төлеп Алмас, Жабағин Арнұр «Журналистика» номинациясы бойынша Әбделиев Шерхан, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Набиева Оксана, Жұмырбаев Тимур, «Ғылым» номинациясы бойынша Егізбек Камила, Машуров Фарух марапатталды.
Солардың бірі Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрдың көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің басшысы Мирас Әбіл де «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды.
-->

Осыған орай әрі жастар жылы аясында Үкімет «Жастар саясаты» туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында көрсетілген басты мәселенің бірі – жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру туралы ұсынысымыз қабылданды. Оның игілігін барлық жас көреді деп ойлаймын. Жасы 29-дан асып кеткен, «Дарын» сыйлығына тапсыра алмаған басқа да біздің көптеген жобаларға қатыса алмаған талантты жастар енді осы сыйлыққа тапсыра алады. Сондықтан арнайы қабылданып жатқан осы заң жобасы көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы аталым бойынша 30 жылдың ішінде 300-ден астам талантты жас марапатталды. Барлықтарыңызға құтты болсын, - деді министр.
Марапат иегерлері мына номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды. Атап өтсек, «Эстрада» номинациясы бойынша Құснадин Ақбота, Омаров Нұртас, «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Расылхан Шыңғыс, Алтынбек Әйгерім иеленді.
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша Сәденов Таңат, Қамажан Аяулым, «Әдебиет» номинациясы бойынша Талапов Шерхан, Төлтай Файзолла, «Театр және кино» номинациясы бойынша Серікболова Назерке, Әбіл Мирас марапатталды.
«Спорт» номинациясы бойынша Асаубаева Бибісара, Әбдімәлік Жансая, «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Төлеп Алмас, Жабағин Арнұр «Журналистика» номинациясы бойынша Әбделиев Шерхан, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Набиева Оксана, Жұмырбаев Тимур, «Ғылым» номинациясы бойынша Егізбек Камила, Машуров Фарух марапатталды.
Солардың бірі Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрдың көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің басшысы Мирас Әбіл де «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды.
Кез келген жас бұл марапатқа лайықты. Өнер жолы әркімге жалын ұстата бермейтін қиын жол. Әрі қарай тоқтамай, шығармашылық жолды дамытамыз. Мені қолдаған жандарға алғысымды айтамын, - деді Ә.Мирас.