Елорда жаңалықтары

ТЖ кезінде кірісінен айырылған азаматтарға МӘСҚ-тан 4,4 млн теңге әлеуметтік төлем тағайындалды

4 мамырдағы жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 452 мың теңге әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жалпы, әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Telegram-бот арқылы беріледі. Өтініштің қаралу статусын 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады. Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электрондық мекенжайларына жазбаша өтініш бере алады. Осы уақытқа дейін 8 млн 29 мың қазақстандық өтініш беріпті. Оның 594,9 мыңы – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. 3 млн 433 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындалмаған. Себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкестігін тексеруден өтпеген.

Естеріңізге салсақ, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес, ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға тағайындалады:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– ҚР Салық кодексінің 774 бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып саналатын жеке тұлғаларға;

– қызметтер көрсету сияқты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға.

1 және 2-тармақшалар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.

-->