Елорда жаңалықтары

Елорданың бас полицейі үздік тергеуші мен анықтаушыны марапаттады

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев «Қазақстан полициясына 30 жыл»төсбелгісімен және грамотамен үздік тергеуші мен анықтаушыны марапаттады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында тергеушілердің республикалық слеті өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 30-дан астам маман қатысты. Тергеушілер «Менің мамандығым» тақырыбында эссе жазып, «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен практикасы» тақырыбында тестілеуден, ату бойынша конкурстардан өтіп, оқиға болған жерді тексеру бойынша практикалық жұмыстарға қатысты. Слет қорытындысы бойынша Астана қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Әлібек Иманқұлов үздік деп танылды. Ол Ішкі істер министрінің грамотасымен және «ІІМ үздік тергеушісі» кубогымен марапатталды.

Ә.Иманқұлов ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаменті бастығының атынан Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің аға анықтаушысы Ерик Нұрмағамбетұлына грамота табыс етілді. Жеке рейтингі және істердің бір жыл ішінде шығуы бойынша ол «Полиция департаментінің үздік анықтаушысы» номинациясы бойынша үлгілі деп танылды. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол күні Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне құрмет грамоталары табыс етілді.
 
-->