Елорда жаңалықтары

Азия чемпионатында топ жарған елордалық ескек есушілер елге оралды

Спортшыларымызды кеше теміржол вокзалынан туған-туысқандары және спорт саласының бірқатар өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info.

Еске салсақ, Тайланд қаласындағы Паттайя-жағажайында 29 қараша – 4 желтоқсан аралығында жастар арасында ескек есуден Азия чемпионаты өткен болатын.

Оған әлемнің 19 елінен яғни Вьетнам, Қытай, Үндістан, Гонконг, Иран, Жапония, Өзбекстан, Тайпей, Индонезия, Тайланд, Ирак, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Сомали елдерінен жас спортшылар қатысты. Олар алты күн бойы жекелей сында және командалық топта бақтарын сынады.

Қазақстан құрамасы атынан 24 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары да бар. Елордалық ескек есушілер Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, алтын мен қола медальді еншіледі.

Жастар тобында сынға түскен жерлестеріміз Тимур Фомичев мен Ярослав Мельников екі бұрылмалы айналым бойынша бірінші орын иеленді. Ал Қазақстан экипажының құрамында болған елордалық Медина Конурбаева төрт бұрылмалы айналым бойынша үздік үштіктердің қатарынан көрінді.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде – екі алтын және екі қола.

-->