Елордада мектеп салу үшін 158 жер учаскесі анықталды – Алтай Көлгінов
Бүгін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірнеше мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылында тағы 9 оқу орнының құрылысын аяқтауды жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі үшінші тоқсаннан бастап жұмыс істейді. Осыған дейін 36 мектеп салынып, пайдалануға берілген болатын
Сондай-ақ Астанада мектеп салу үшін жер учаскелері анықталды.
-->Бүгін Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірнеше мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Т.Рысқұлов – Қ.Қайсенов көшелерінің, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесі, сол сияқты Р. Қошқарбаев, Ұлы Дала даңғылы және №39 көшелерінің қиылыстарында салынып жатқан оқу орындарына бардым, - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылында тағы 9 оқу орнының құрылысын аяқтауды жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі үшінші тоқсаннан бастап жұмыс істейді. Осыған дейін 36 мектеп салынып, пайдалануға берілген болатын
Мәселен Т.Рысқұлов пен Қ.Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан мектеп 4 мың оқушы орнына (2 ауысымды) есептелген. Бұл – ірі мектеп. Қазір онда соңғы жұмыс жүріп жатыр. Бүгінге дейін осыған ұқсас бес ірі мектеп аштық. Осы бес мектептің есебінен 20 мың оқушы орны құрылды. Ұлы дала даңғылы мен Сауран көшесінде орналасқан мектеп 2400 орынға (2 ауысымды), Ұлы дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы мектеп 2400 орынға есептелген. Т.Рысқұлов көшесіндегі оқу орнының құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүріп жатыр, онда балабақша да болады. Құрылыс қарқынын арттыруды және құрылыс жұмысының сапасына тиісті көңіл бөлуді тапсырдым, - деп жазды әкім.
Сондай-ақ Астанада мектеп салу үшін жер учаскелері анықталды.
Сол сияқты мектеп салу үшін 158 жер учаскесін анықтадық. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖЖ) әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді, - деді Алтай Көлгінов.