Елорда жаңалықтары

Биыл көктемгі әскери жиынға 17 мыңнан астам азамат шақырылады

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов көктемгі әскери жиынға шақырылатын азаматтар туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Көктемгі әскери жиындарға шақыруды аяқтау үшін 17 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні адамдарды толғандыратын мәселелердің бірі әскерге шақырылушылардың қауіпсіздігі болып отыр. Осыған байланысты барлық қажетті санитарлық нормалар сақталып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылар барлық санитарлық нормаларды сақтайды», - деп атап өтті департамент басшысы. Айта кетейік, Сәкен Жүсіпов онлайн баспасөз конференциясы барысында еліміздің барлық өңірінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылғанын, осыған байланысты Мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру уақытын 2020 жылғы маусымнан тамызға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлім етті.

-->