Нұр-Сұлтанда тағы бір тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезі карантинге жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта елордада 25 подъезд карантинге жабық. Оның ішінде "Номад" тұрғын үй кешенінің де кіреберісі бар. Тұрғындарға үйден шығуға, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Карантин екі аптаға жуық уақытқа созылады. Подъезд қоршалып, полиция кезекшілігі ұйымдастырылды», – делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
-->Нұр-Сұлтан қаласындағы «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезі карантинге жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта елордада 25 подъезд карантинге жабық. Оның ішінде "Номад" тұрғын үй кешенінің де кіреберісі бар. Тұрғындарға үйден шығуға, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Карантин екі аптаға жуық уақытқа созылады. Подъезд қоршалып, полиция кезекшілігі ұйымдастырылды», – делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.