Елордада өтетін қайырымдылық фестивалінде Димаш Құдайберген өнер көрсетеді
Астанада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Фестиваль «Барыс Арена» стадионында 14 желтоқсан күні сағат 19:00-де басталады. Көрермен Қазақстанның танымал әртістерімен қатар, дарынды ерекше орындаушылардың өнеріне куә болады.
Олардың қатарында: Nazima, Кенжебек Жанәбілов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, «Қарақат» мектеп-студиясы, «СЕНСИТИВ» сахналық өнерден әлем чемпионатының Гран-при иегерлері. Кеш қонағы – Димаш Құдайберген.
Билет сатудан түскен барлық қаражат церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сатып алуға бағытталады.
-->Астанада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.