Әскерге баруды кімдер кейінге қалдыра алады – С.Жүсіпов
ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мерзімді әскери қызметке шақыртуды кімдердің кейінге қалдыра алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Азаматтардың әскерге баруды кейінгі қалдыруға мүмкіндігі бар. Олар – отбасылық жағдайы немесе денсаулығына байланысты себеп болған және білімін жалғастыратын азаматтар. Сол сияқты басқа да себептер болуы мүмкін. Мысалы, ауылдардағы дәрігерлер, Парламент депутаты, өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер, тергеудегі азаматтар, ұшқыштар және білім саласының, құқық қорғау саласының қызметкерлері де әскери міндетін кейінге қалдыра алады. Жалпы, осы және басқа да сұрақтар бойынша Қорғаныс министрлігінің сайты немесе жедел желісі арқылы қосымша толығырақ ақпарат алуға болады", – деді ол.
-->ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мерзімді әскери қызметке шақыртуды кімдердің кейінге қалдыра алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Азаматтардың әскерге баруды кейінгі қалдыруға мүмкіндігі бар. Олар – отбасылық жағдайы немесе денсаулығына байланысты себеп болған және білімін жалғастыратын азаматтар. Сол сияқты басқа да себептер болуы мүмкін. Мысалы, ауылдардағы дәрігерлер, Парламент депутаты, өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер, тергеудегі азаматтар, ұшқыштар және білім саласының, құқық қорғау саласының қызметкерлері де әскери міндетін кейінге қалдыра алады. Жалпы, осы және басқа да сұрақтар бойынша Қорғаныс министрлігінің сайты немесе жедел желісі арқылы қосымша толығырақ ақпарат алуға болады", – деді ол.