Елорда жаңалықтары

Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандар арасында құжаттарды жаңарту қажет азаматтар тізімі жарияланды

Қала әкімдігінің тұрғын үй қорының zhilfond.kz сайтында құжаттарды жаңартуы қажет азаматтардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарияланған тізімде кезекте тұрған адамның деректері, кезекке қойылған санаты мен күні көрсетілген. Құжаттарды жаңарту 2022 жылдың 14 желтоқсанына дейін жасалуы керек.

Тізімде көрсетілген барлық азамат Республика даңғылы, 32 (307 кабинет) мекенжайында орналасқан тұрғын үй орталығына мынадай құжаттар тізбесімен жүгінуі қажет:

- жеке куәлік (барлық отбасы мүшелеріне);

- балалардың туу туралы куәлігі;

- баланың мүгедектігі туралы анықтама;

- неке қию /некені бұзу / жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік / ф-4 анықтамасы / әке болуды анықтау (олардың біреуі бар);

- барлық отбасы мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

Құжаттарды жаңарту тек тізімде көрсетілген азаматтарға қажет, қалған тұрғындарға әзірге талап етілмейді.

-->