Елордада оқушылар арасында ән-терме байқауы өтіп жатыр
Елордада мектеп оқушыларының арасында «Астана ұландарының дауысы» атты I қалалық байқау өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда қатысушылар ұстаз әрі сазгер Кәкім Ердібайтегінің ән-терме, толғауларын орындап жатыр.
Оған қаладағы 40-тан астам мектептен 70-ке жуық оқушы қатысуда. 7 мен 17 жас аралығындағы өнерпаздар өз өнерлеріп көрсетіп жатыр.
Байқаудың мақсаты – елімізде кенжелеп қалған балалар өнерінің дамуына жаңа тыныс беріп, төл өнеріміздің дамуына үлес қосу.
Байқау 4 аталым бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, «Эстрадалық бағыттағы орындаушылар», «Дәстүрлі бағыттағы орындаушылар», «Вокалды топтар» және «Терме-толғаулар орындаушылар».
-->Елордада мектеп оқушыларының арасында «Астана ұландарының дауысы» атты I қалалық байқау өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда қатысушылар ұстаз әрі сазгер Кәкім Ердібайтегінің ән-терме, толғауларын орындап жатыр.
Оған қаладағы 40-тан астам мектептен 70-ке жуық оқушы қатысуда. 7 мен 17 жас аралығындағы өнерпаздар өз өнерлеріп көрсетіп жатыр.
Байқаудың мақсаты – елімізде кенжелеп қалған балалар өнерінің дамуына жаңа тыныс беріп, төл өнеріміздің дамуына үлес қосу.
Мұндай байқау алғаш рет өтіп жатыр. Жазған әнің не күйің сахнада орындалса, іштей қуанасың. Ал көрерменнің жүрегінен орын тапса, елдің игілігіне жарап жатса, шығармашылық адамы үшін одан үлкен бақыт жоқ деп есептеймін. Жалпы, балалардың ішкі жан дүниесі таза болып өсуі керек. Мағжан Жұмабаев айтқандай, бала ән үйреніп, өлең жаттап, сурет салып өссе, ішкі жан дүниесі де байи түседі, - деді сазгер Кәкім Ердібайтегі.
Байқау 4 аталым бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, «Эстрадалық бағыттағы орындаушылар», «Дәстүрлі бағыттағы орындаушылар», «Вокалды топтар» және «Терме-толғаулар орындаушылар».
Біз өнерпаздың ана тілінде яғни қазақ тілінде таза айтуына, дауыс диапазонына, сөздің дикциясына, киім киісіне аса мән беріп жатырмыз. Байқағаныңыздай, бұлар – кішкентай балалар ғой. Мәселен, біреуі қылығымен тәтті болады, ал енді біреуінің дауыс мүмкіндігі бар. Солардың барлығын жіті ескеріп отырмыз, - деді қазылар алқасының мүшесі Мақсат Хамзин.